Жарияланған күні: 30.05.2023 09:25
Өзгертілген күні: 30.05.2023 09:26

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

 

Кеше 29.05.2023 жылы Жетісу облысы бойынша МКД-де Мемлекеттік қызмет үздігі, Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С. Д. Тасқанбаевты шығарып салды. Серік Дюсебайұлы Көксу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

С. Тасқанбаев отыз жылдан астам қаржы қызметі органдарында жұмыс істеді. Еңбек жолын қарапайым маманнан бастап, басқарма басшысына дейін көтерілді.

Департамент басшысы Талғат Қозбеков Серік Дюсебайұлына шын жүректен алғысын білдірді. Оның Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. С. Тасқанбаев үлкен жұмыс тәжірибесімен Мемлекеттік кіріс органдарына келген жас мамандарға тәлімгер және еліктеуге ынталандыру болып табылады.

Оған зор денсаулық, отбасылық амандық, жаңа қызметте табыс тіледі.