Жарияланған күні: 03.02.2025 12:35
Өзгертілген күні: 03.02.2025 12:47

Құрметті баспа БАҚ қызметкерлері!

 

Сіздерді Ұлттық баспасөз күнімен құттықтаймыз! Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз — тек материалдар жасау ғана емес, ақпараттандыру мен ағартушылық істеріне шынайы қызмет ету болып табылады. Сіздер — ақпарат әлемінде алдыңғы шепте тұрған, қоғамдық пікірді қалыптастыру мен қоғамды дамытуға елеулі үлес қосып жүрген жандарсыз.

 

Әрбір еңбегіңіз — өз ісіне адалдық пен шындыққа, маңыздылыққа және сапаға деген ұмтылыстың нәтижесі.

 

Сіздерге сарқылмас шабыт, жаңа идеялар, шығармашылық табыстар және, әрине, денсаулық тілейміз!