Жарияланған күні: 30.01.2025 17:27
Өзгертілген күні: 30.01.2025 18:00

"КЕДЕН" АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТАУАРЛАР ТУРАЛЫ АЛДЫН АЛА АҚПАРАТ БЕРУ 

 

ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 56 «ЕАЭО кедендік аумағына автокөлікпен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну тәртібін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, тауарларды әкелетін тасымалдаушының тауарлар туралы алдын ала ақпарат (АА) беру міндеті реттеледі. Бұл ақпарат осы тәртіптің 5-тармағында көзделген мәліметтер көлемінде ұсынылуы тиіс (тасымалдаушы атынан құжаттар мен мәліметтерді кеден өкілі немесе тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлғалар ұсына алады). 

"Кеден" ақпараттық жүйесінде алдын ала ақпарат беру функционалын кезең-кезеңімен енгізу жоспарына сәйкес, АА беру функционалы 2025 жылғы 17 ақпанда автокөлік өткізу пункттерінде іске қосу ұсынылады. 

Бұл функционал автокөлік өткізу пункттерінде тауарлар мен көлік құралдарының келуін тіркеуді, ілеспе қызметтердің (фитосанитарлық, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік бақылау) тексерісінен өтуді қамтиды. Алдын ала ақпарат транзиттік декларацияны қалыптастырудың негізі болып табылады. 

Аталған функционал кедендік рәсімдеуді жеңілдетуге және жеделдетуге, ұсынылатын ақпараттың сапасы мен дұрыстығын арттыруға бағытталған.