
Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салатын заң күшінде
2024 жылғы 9 қыркүйекте ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша түзетулер күшіне енді.
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың оларға қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуы шектелген.
Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындар мен бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген.