
Қазақстанда банкроттықтың болуы: қандай кедергілер жойылды?
Айта кету керек, Заңда ұсынылған рәсімдер өзекті, бірақ кейбір кедергілерге байланысты жеке борышкерлер оларды қолдана алмады.
19 маусым күні Президент «Кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды, оның аясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілуде. Түзетулер келесіні қарастырған:
Енді өтініш берген кезде азаматқа кредитормен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсынудың қажеті жоқ. Барлық қаржы ұйымдары жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті.
Азамат өтінішті толтыру кезінде кредиторлар алдындағы борыштың нақты сомасын, сондай-ақ кредитордың атауын көрсетудің қажеті жоқ деген норма мақұлданды, бұл мәліметтер кредиттік бюролар базасынан алынады.
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болатын қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операцияларын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған, не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған, тарату сатысындағы ұйымдар, сондай-ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кіретін норманы қабылдады.
Енді, өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі (ұсақ түсімдер есепке алынбайды), сондай-ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісі алынып тасталды, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерге кетуіне тыйым алынып тасталды.
Аталған өзгерістерден басқа, түзетулер:
- қаржы басқарушыларының да қызметіне қатысты. Атап айтқанда, енді уәкілетті орган оны тағайындап қана қоймай, қызметте бұзушылықтар анықталған жағдайда шеттете алатын болады.
- қаржы басқарушысының өз сыйақысын алудағы құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген (банкроттың тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелерінің тізбесі жаңа тармақпен толықтырылды: рәсімді жүргізген қаржы басқарушысының сыйақысы оның толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төленбеген жағдай қосылды);
- соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануүшін жұбайының келісімінің қажеттілігі орнатылды;
- соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы кредиторды ескерту қажеттілігі алынып тасталды.