Жарияланған күні: 12.11.2024 10:37
Өзгертілген күні: 12.11.2024 10:37

Еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш нысанына өзгерістер енгізілді

 

 

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Тауарларды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптарды, тауарларды есепке алу жүйесінің бар болуына тексеру өткізудің және тауарлардың есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1030 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы хабарлайды.

Өзгерістер 2024 жылғы 15 қарашада қолданысқа енгізіледі.

Өзгертулермен НҚА - ға сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019411 .

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 720 бұйрығы мемлекеттік органдарының интернет-ресурсында жарияланды https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/743187?lang=ru&title=1030

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/743187?lang=kk&title=1030.

Түзетулер еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізуге өтініш нысанын белгілейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулер және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң техникасы бойынша түзетулер енгізілді.