Жарияланған күні: 17.07.2023 11:22
Өзгертілген күні: 17.07.2023 11:24

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде QR-код арқылы авторизациялау

 

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде
(бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ЭЦҚ кілтпен авторизациялаудың баламасы ретінде QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілгенін хабарлайды.

QR коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:

1) "кіру" - "QR көмегімен Кіру "түймесін басыңыз;

2) Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;

3) eGov mobile басты бетінде "EGOV QR "түймесін басыңыз;

4) ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеуге және қол қоюға, содан кейін экранда "қол қою сәтті орындалды" деген хабарлама көрсетіледі.

Әрі қарай, логин мен парольді енгізу керек.