Жарияланған күні: 14.04.2023 15:06
Өзгертілген күні: 14.04.2023 15:08

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:

1) салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;

2) күнтізбелік жылдағы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен ( 2,0 млрд. теңгеден астам)аспайды;

3) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асырады.

Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың АСР-ін қолдануға құқылы емес.

Бөлшек салықтыңАСР-ге ауысуы (аударымы) кез келген қолданылатын салық салу режимінен жүзеге асырылады.

Бөлшек салық ретроспективті түрде, яғни 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Бөлшек салықтың АСР қолданатын салық төлеушілер ҚҚС және әлеуметтік салықты төлеушілер болып табылмайды.

Салық ставкалары Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) барлық кірістер бойынша 4% -ы және кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша 8% -ын құрайды.