
Бақылау-кассалық машиналарды қолдану туралы
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар (қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар) модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
Жеке тұлғалардың, жеке сот орындаушылар,адвокаттар мен медиаторлардың, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің, екінші деңгейдегі банктердің, діни бірлестіктер, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын қолма-қол есеп айырысуды қоспағанда, ұлттық пошта операторы, арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларына онлайн бақылау-касса машинасын қолданылмайды.
Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.
Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.