Жарияланған күні: 18.03.2025 17:41
Өзгертілген күні: 18.03.2025 17:43

Бақылау-касса машинасы қандай жағдайларда салық органынан есептен шығарылады?

 

Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:

1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

3) бақылау-касса машинасын техникалық ақауы болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

4) бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;

5) бақылау-касса машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;

6) ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.