Жарияланған күні: 04.09.2025 09:27
Өзгертілген күні: 04.09.2025 09:29

30 жылдық тұрақтылық пен даму: Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттіліктің негізі

 

Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттіліктің, тұрақтылықтың және дамудың негізіне айналған Конституцияның – Ата Заңның қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Осы 30 жыл ішінде Конституция еліміздің тұрақты ілгерілеуін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, өзінің өзектілігін дәлелдеді.

Тәуелсіздік алған және Конституция қабылданған сәттен бастап мемлекетті нығайтуда мемлекеттік кірістер органдары ерекше рөл атқарады. Олар 30 жыл ішінде жеке салық және кеден қызметтерінен еліміздің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қуатты және заманауи құрылымға айналды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары – салықтарды және кедендік рәсімдерді әкімшілендіруді жетілдіру үшін озық технологияларды қолданатын заманауи әрі тиімді құрылым. Олардың қызметі экономикалық тұрақтылықтың кепілі болып табылады және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, ал мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті бюджетті қалыптастыра отырып, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.

Мемлекеттік кірістер органдары елімізге одан әрі өркендеу, ал әрбір азаматқа бейбітшілік, бақыт және ертеңгі күнге деген сенім тілейді.