Жарияланған күні: 09.06.2023 17:16
Өзгертілген күні: 09.06.2023 17:17

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 2 кезеңі басталды, оның шеңберінде декларацияны мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларын қоса алғанда), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады.



Ұсыну мерзімі: қағаз жеткізгіште 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық нысанда 15 қыркүйектен кешіктірмей.



▪️Декларация тұрғылықты жері бойынша тапсырылады, жүйеге кірген кезде 250.00 нысаны, кейін 270.00 нысан ұсынылады.



▫️Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар мен олардың жұбайларының, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының басшылары мен құрылтайшылары үшін декларациялаудың 3 кезеңі енгізілуде.



▫️Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - азаматтардың қалған санаттары үшін декларациялаудың 4 кезеңі басталады.