
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабына сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жартыжылдық кесте бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте уәкілетті орган кешенді көшпелі кедендік тексерулер кестесін өзінің интернет-ресурсында:
◾ бірінші жартыжылдық үшін – жылдың 25 желтоқсанына дейін;
◾ екінші жартыжылдық үшін – ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырылады.
2023 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сайтында 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесі орналастырылды.
Кесте мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/472679?lang=kk