
Қосымша шығындардан аулақ болыңыз: салықты төлеңіз!
Үнемдеу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталды. Салықты қазір төлеу арқылы сіз мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қосымша шығындардан аулақ боласыз. Өсімпұлдар, айыппұлдар, шоттарды қамауға алу – егер сіз қарызды уақытында төлесеңіз, мұның бәрін болдырмауға болады. Ыңғайлы төлем әдістері барлығына қол жетімді.
Салықты e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшеріндегі немесе төлем терминалдарындағы қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлеуге болады.