
Жемқорлық мінез-құлықпен айналысуды қиындататын жағдайлар жасау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық актілер мен басқарушылық шешімдерді орындау, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық мүмкіндігін қиындататын және мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында салық және кеден жүйелерін тереңдетілген және кеңейтілген цифрландыру жүргізілуде. "Астана-1", "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі, "Тауарларды таңбалау" модулі, онлайн-БКМ құрылды және жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлық және оның көрінісі адамның мемлекеттік органдарға және жалпы әділеттілікке деген сенімін төмендетеді. Өйткені, әр адам әлемнің үйлесімді екендігіне және кез-келген адам өмірде өзінің жеке қасиеттері мен мінез-құлқына лайық нәрсені алатынына сенімді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, қоғамның барлық мүшелері де қатысуы қажет, бұл шенеунік те, кәсіпкер де қатысуы тиіс екі жақты үдеріс.