
Мемлекеттік бажды есепке алу және бюджеттен қайтару тәртібі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік бажды есепке алу және бюджеттен қайтаруға қатысты келесіні түсіндіреді.
Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж республикалық бюджетке есепке жазылады.
Мемлекеттік баждың қалған түрлері жергілікті бюджеттерге есепке алынады.
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу үшін келесі бюджеттік сыныптама кодтары бекітілген:
108125 БСК «Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж»;
108126 БСК «Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж».
Осылайша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж БСК 108125 есепке жазылады, ал мемлекеттік баждың қалған түрлері БСК 108126 есепке жазылады.
Банк заңнамасына сәйкес төлемдерді бюджетке төлеу кезінде төлем құжатында міндетті түрде бенефициар-ақша алушыны көрсету көзделген. Мемлекеттік бажды төлеу кезінде төлем құжатында «Бенефициар» (ақша алушы) жолында уәкілетті мемлекеттік органның (заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттарды берген кезде) орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органы көрсетіледі.
Төлемдерді бюджетке есепке жазу үшін деректемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (www.kgd.gov.kz) Ақпараттық ресурстар/Анықтамалықтар/Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары бойынша БСН және төлемдерді бюджетке есепке алу қатысты реквизиттер анықтағышы (кодификаторы) орналастырылған, онда мемлекеттік кірістер органдарының атаулары, кодтары және БСН көрсетілген.
Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, оның ішінде мемлекеттік бажды төлеу процесін оңайлату мақсатында салық төлеушіге төлеуді Банктердің электронды құрылғылары арқылы (банкоматтар, терминалдар, интернет-банкинг), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитенінің «Салық төлеуші кабинеті» Web-қосымшасы, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлем жүргізу мүмкіндігі берілген, мобильді қосымшада салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу «Салық әмияны»/ «Салықтарды реквизиттер бойынша төлеу» сервисі арқылы қолжетімді.
Салық кодексінің 108-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжатының негізінде жүргізеді.
Пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы сот шешімі өткен салық төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салық өтініші және заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізеді.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды Мемлекеттік кірістер органы қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Бұл ретте мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар мемлекеттік баждың осындай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жылдық мерзім өткенге дейін Мемлекеттік кірістер органына ұсынылуға тиіс.
Алу үшін мемлекеттік баж төленетін заңды маңызы бар іс-әрекеттер мен құжаттарды беруді уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетіндігіне, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар баж жасаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік бажды қайтару үшін төлем құжатында төлем туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрсетілмеуіне байланысты іс-әрекеттер немесе құжатты алудан бастап осы заңды маңызы бар әрекетті жасайтын органға жүгінуге дейін, уәкілетті мемлекеттік органдардан растайтын құжаттарды ұсыну талап етіледі.