Date of publication: 21.07.2023 16:39
Date of changing: 21.07.2023 16:40

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында өз қызметін қорытындылады.

 

Департамент басшысы Т. Козбековтың төрағалығымен өткен алқа отырысына Департаменттің басшы құрамы мен аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.

Отырыс барысында Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды.

2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспары 130,1 млрд.теңге жоспарымен 105,5% - ға орындалды, 137,3 млрд. теңге түсті, өсу қарқыны 188,8% немесе 64,6 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді.

Отырыста алқа "көлеңкелі" экономиканы төмендету және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, оның ішінде оны цифрландыру арқылы кешенді шаралар қабылдау есебінен бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша департамент басшысы Т. Қозбеков алдағы міндеттерді айқындап, Департаменттің, аумақтық басқармалар мен кеден бекеттерінің қызметін жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.