
"Қорғас" ХШЫО кеден бекетінде Қазақстан Республикасының аумағына темекіні заңсыз өткізудің 4 фактісі анықталды
26.04.2023 ж. Жетісу облысы бойынша МКД "Қорғас" ХШЫО кеден бекетінде ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағына 123 блок (1 230 пакет) жалпы салмағы 21,9 килограмм мөлшерінде "ORIS", "MILANO", "SEPTWOLVES" маркалы темекіні заңсыз өткізудің 4 фактісі анықталды.
ЕЭК-тің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешіміне сәйкес бір жеке тұлға үшін 200 темекіні немесе 1 блокты құрайтын темекі тасымалдау нормалары белгіленген.
Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларға қатысты оларды ҚР ӘҚБтК 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту және іс материалдарын сотқа жіберу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.