Date of publication: 02.05.2023 09:34
Date of changing: 02.05.2023 09:35

Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану туралы хабарламаны ұсыну мерзімдері ұзартылды

 

Бүгінгі күні бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режиміне (АСР) көшуге шешім қабылдаған ҚҚС төлемеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін өзінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ұсынуы тиіс.

ҚР Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін хабарламаны ұсыну мерзімі ұзартылатын болады (ресми жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн).

Нақты күні туралы қосымша хабарлаймыз.

Бұл ретте бөлшек салықтың АСР-не ауысу үшін ретроспективті түрде, мысалы, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап хабарламасының «G.Бөлшек салықтың АСР-не» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмейтін»  себебі кқрсетіледі және күні 2023 жылдың 1 қаңтары көрсетіледі. Бұл осы режимді 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға мүмкіндік береді.

Көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін МКБ-ға хабарламалар ұсынады (2-бөлімде «G.Бөлшек салық АСР-не» және «А. ерікті шешім қабылдау себептері» белгісі бар). Сондай-ақ, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтініш ұсынылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған барлық құжаттарды МКБ-на қағаз түрінде, пошта арқылы немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуға болатынын хабарлайды.

Кейінгі кезеңдерден бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысатын салық төлеушілер хабарламаны әдеттегідей ұсынады.