
Мемлекеттік бажды бюджетке аударуға қатысты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылдың 30 желтоқсанындағы №177-VII ҚР Заңының 49-баптың 1-тармағында бюджет кодексінің 30) - 37-1) тармақшалары алып тасталды - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшін енгізілетін өзгерістерге сәйкес мемлекеттік баж, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес республикалық бюджетке есепке жатқызылады.
«Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылдың 18 қыркүйекгіндегі № 403 бұйрығына сәйкес республикалық бюджетке есепке жатқызылған мемлекеттік бажды төлеу үшін БСК 108125 «Республикалық бюджетке есепке жатқызылған мемлекеттік баж» бекітілді.
Бюджет кодексінің 51-бабының 1-тармағының 19) тармақшасының және 52-бабының 1-тармағының 18) тармақшасының негізінде консулдық алым мен республикалық бюджетке есепке алынатын мемлекеттік баждарды қоспағанда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық бюджеттерінің (облыстық маңызы бар қала) кірісі болып табылады.
Бюджет кодексінің 6-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент бюджеттері , ауылдық округі жергілікті бюджеттерге жатады.
Республикалық бюджетке есепке алынатын консулдық алым және апостиль қою үшін алынатын мемлекеттік бажды қоспағанда, мемлекеттік баж «Жергілікті бюджетке есепке жатқызылған мемлекеттік баж» БКК 108126 бойынша есепке алынады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін және консулдық алым мемлекеттік баж БКК 108125 есепке алынады.