Date of publication: 17.01.2023 16:01
Date of changing: 17.01.2023 16:02

Жетісу облысының аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының кодтары

 

Құрметті салық төлеушілер.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігін ұсыну және салықтарды төлеу кезінде салық органдарының жаңа кодтарын көрсету қажет екенін еске салады.

Егер бұрын Талдықорған қаласы бойынша МКБ коды 0922 болса, ал қазіргі код– 7010.

Салық органының кодын салық есептілігінде дұрыс көрсетпеу, сондай-ақ салықтарды төлеу кезінде салық төлеушінің дербес шоттарында дұрыс таратпауға, салық берешегінің қалыптасуына әкеп соғады.

Салық төлеу және есептерді толтыру кезінде кодтарды дұрыс көрсетуіңізді сұраймыз.