
Автокөліктердің рұқсат етілген параметрлері туралы
Автокөлік тасымалдаушылары мен жүргізушілерінің назарына!
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "ҚР автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 26.03.2015 жылғы №342 бұйрығына маңызды өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Осы бұйрықтың 1-1-тармағы «осы бұйрықтың күші Қазақстан Республикасында немесе Қытай Халық Республикасында тіркелген, Қытай Халық Республикасынан Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қазақстандық автомобиль өткізу пункттерінің аумағында орналасқан көлік-логистикалық орталықтарға дейін жүк тасымалдауды жүзеге асыратын, осындай пункттердің шегінен тыс орналасқан Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарына шығусыз автокөлік құралдарына қолданылмайды» алынып тасталынды.
26.12.2022 жылдан бастап күшіне енген осы бұйрықтың нормаларына сәйкес ЕАЭО кедендік шекарасын габариттік және салмақтық параметрлерін бұза отырып кесіп өтетін барлық автокөлік құралдары "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 571-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс екендігіне назар аударамыз.
Салмақтық параметрлерден асатын, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз тіркелетін ауыр салмақты автокөлік құралдарының өтуі – 80 АЕК мөлшерінде 1-ден 5 тоннаға дейін, яғни 2022 жылы 245 040 теңге және 2023 жылы 276 000 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен бірге, ӘҚБтК-нің 571-бабының 7-бөлігі бойынша габариттік параметрлерден асатын ауыр салмақты автокөлік құралдарының өтуі-30 АЕК, яғни 2022 жылы 91 890 теңге және 2023 жылы 103 500 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатының хабарлаймыз.