
«Қазақстан Республикасының үздік кәсіби мамандары» жобасы
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан кәсіби мамандарының пулын қалыптастыру мақсатында «KZ кәсіби мамандары» коммерциялық емес ұйымы экономиканың түрлі салаларындағы мамандар арасында жыл сайынғы «Қазақстан Республикасының үздік кәсіби мамандары» Республикалық жобасын өткізетінін хабарлайды.
Жоба шеңберінде іріктеу кезеңдері, тақырыптық семинарлар, орталық атқарушы органдар өкілдерінің, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен конференциялар өткізілетін болады.
Конкурсқа қатысушылар өз жұмыстарын және өтінім нысанын 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жіберуі, электрондық мекенжайға жіберуі тиіс: professionaly@internet.ru .
Байланыс телефоны: +7 700 300 90 60 Ұйымдастыру комитеті.