Жарияланған күні: 30.05.2023 11:27
Өзгертілген күні: 30.05.2023 11:28

ЖК ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ

 

 «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасын іске асыруға байланысты мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне тұрған салық төлеушілер санының өсуі байқалады.

Жаңадан тіркелген ДК қызметін талдау барысында бағдарлама шеңберінде субсидиялар немесе шағын қарыздар беруден бас тартылған адамдардың жоғарыда көрсетілген санатының салық міндеттемелерін орындамау фактілері анықталды.

ДК қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады:

1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш;

2) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

3) тарату салық есептілігін;

4) осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш. 

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодекстің 95-бабында белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей жүзеге асырылады:

1) салық төлеушінің қызметін тоқтату туралы салықтық өтініші;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есебінде қамтылған жазбаша келісім – осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда.

3) арнайы салық режиміне оны пайдалана отырып көшу кезінде арнайы мобильді қосымшада көрсетілген Келісім-осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда. 

Осылайша, субсидиялар немесе микроқарыздар алудан бас тартылған жағдайда, ДК Салық кодексінің талаптарына сәйкес өз қызметін тоқтатуға міндетті.