Жарияланған күні: 13.11.2024 18:06
Өзгертілген күні: 13.11.2024 18:06

Жетісуда контрафактілік шиналардың ірі партиясы тәркіленді

 

Кедендік бақылау барысында Жетісу облысы бойынша «Нұр жолы» кеден бекетінің қызметкерлері, Қытайдан ЕАЭО аумағына «KUNLUN» фирмалық логотипі бар «жүк көліктеріне арналған шиналар»125 дана салмағы 11 435 кг. құрайтын авторлық құқық иеленушінің зияткерлік құқықтарын бұза отырып, тауарларын әкелуді тоқтатты.

Тауардың кедендік құны 10,8 млн. теңгені құрады.

Соттың қаулысымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 158-бабына сәйкес бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану үшін, тауары тәркіленіп, және оның кейінгі жойылуы, 110 760 теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқық иелерінің құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда екенін хабарлайды.

Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына контрафактілік тауарларды заңсыз әкелу әрекетін куәландырады, бұл құқық иелеріне елеулі зиян келтіреді, сондай-ақ тұтынушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Жалған шиналарды пайдалану ауыр апаттарға және басқа да жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің және зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Қабылданған шаралар заңды бизнесті дамыту және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.