
01.01.2023 жылғы жағдай бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің саны 16 070-ті құрайды, оның ішінде 15 980-де салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме туындайды.
2022 жылы 3 272 ШҚ бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларация ұсынбаған. Мемлекеттік аумақтық кірістер органдарымен ҚР салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жолданды.
Хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындалмаған жағдайда банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.
ҚР ӘҚБтК 272-бабының 1-тармағына сәйкес бірінші рет жол берілген бұзушылық үшін салық төлеушіге тек ескерту ғана беріледі.
ҚР ӘҚБтК 272-бабының 2-тармағына сәйкес ескертуден кейін бір жыл ішінде бұзушылық қайталанған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісіне 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.