Жарияланған күні: 04.04.2023 17:08
Өзгертілген күні: 04.04.2023 17:09

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫҚ ТӨЛЕМЕУІНІҢ САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

 

Көлік құралдарына айыппұлдар мен салық берешегінен қалай құтылуға болады, - Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде айтып берді.

 

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. Ағымдағы жылы 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, салық төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады. Келесі күннен бастап өсімпұл есептеу басталады.

20 жұмыс күнінен кейін салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі (Салық кодексінің 114-бабының 2-тармағы 8- тармақшасы).

1 АЕК (3 450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.

Берешек табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.

Бұл ретте жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа салық берешегі сомасының 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Салық берешегі 40 АЕК (138 000 теңге) болған кезде шоттарға тыйым салынады және ҚР шекарасынан шығуға шектеу қойылады.

Сондай-ақ, көлік құралдарын айыппұл тұрағына тасымалдау туралы шешім шығарылуы мүмкін.

Осылайша, артық шығыстар мен мәселелерді болдырмау үшін Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықты уақтылы төлеуді ұсынады.