
Бұл үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу орны бойынша салық органына ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынылады. Белгіленген нысан бойынша хабарлама "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште беріледі.
Жеке тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар салық режимінің келесі түрлерін қолдана отырып, ЖК ретінде тіркеле алады:
- патент негізіндегі арнаулы салық режимі (АСР) ;
- "E-Salyq Business"арнайы мобильді қосымшасын қолдану арқылы АСР;
- Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР;
- жалпы орнатылған режим.
⠀ ⠀ ️⚠️ ӘҚБтК – нің 463-бабына сәйкес тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу Жеке тұлғаларға 15 АЕК, қайталап бұзған кезде-30 АЕК, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркіленіп, айыппұл салуға әкеп соғатынына назар аударамыз.