
Талдықорған қаласында темекі өнімдерінің көтерме-бөлшек сауда өкілдерін цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуге үйретті
1 қарашада Талдықорған қаласында Тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, темекі өнімдерін көтерме-бөлшек сатуды жүзеге асыратын өңірдің салық төлеушілерінің қатысуымен Цифрлық таңбалау жүйесіндегі жұмыс бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істеу керек, оның қандай артықшылықтары бар екендігі түсіндірілді. Жаңа қызметтердің көмегімен компьютерді пайдаланбай құжаттарды алуға және растауға болады.
Бірыңғай оператордың өкілдері цифрлық таңбалау жүйесінде жұмыс істеуге және Бизнеске арналған naqty Sauda Akt мобильді қосымшасын пайдалануға үйретті.
Семинар барысында "Автоматты түрде жүйеден шығару" сервисі таныстырылды, оның көмегімен кәсіпкерлер "Темекі өнімдері" тауар тобында таңбалау кодтарының автоматты түрде шығарылуымен оңайлатылған функционал арқылы қабылдау–беру актілерін растайды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 13 шілдесінде цифрлық таңбалау темекі өнімдерін сәйкестендіру үшін бұрын қолданылған акциздік марканың функциясын толығымен ауыстырды. Енді темекі өнімдерінің цифрлық таңбалау коды жоқ айналымы үшін жосықсыз кәсіпкерлерден тауар тәркіленіп, лицензиядан айырып, оларға айыппұл салынады.