Жарияланған күні: 05.04.2023 17:27
Өзгертілген күні: 05.04.2023 17:28

Соттан тыс банкроттық – бұл рәсімді тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.



Шарттары мынадай:

1. Банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 айлық есептік көрсеткіштен) аспау керек;

2. Өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;

3. Борышкердің жеке мүлігі, немесе ортақ меншіктегі (ерлі зайыптылардың тұрмысы кезінде пайда болған) мүлік жоқ болуы;

4. Банкпен берешектерді реттестіру (келісімнің шарттарын жұмсарту, сыйақыны азайту және тб) бойынша жұмыс жүргізу (коллекторлар бойынша талап етілмейді);

5. Банкроттық рәсім 7 жыл бойы қолданылмау қажет.



Сонымен қатар, Заң жобасымен кейбір борышкерлерге ерекше жағдайлар қарастырылған, яғни:

- 6 ай ішінде әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін 12–ай ішінде міндеттемелерді өтемеу шарты қолданылмайды;

- 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін жоғарыда көрсетілген барлық шарттар қолданылмайды.



Соттан тыс банкроттық рәсімі «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады (өтініштер электронды немесе қағаз жүзінде тапсырылады).

Содан кейін, ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

Бүгінгі күнге бұл тек жоба, наурыз айына дейін бұл жұмыс іске аспаса, яғни автоматтандырылмаса, арыздар қағаз жүзінде аудандық мемлекеттік кірістері арқылы тапсырылып, шешімі (соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану немесе одан бас тарту) Мемлекеттік кірістер департаментімен арызды қабылдап алу күнінен бастап 15 жұмыс күннің ішінде шығарылады.

Рәсімнің артықшылықтары:

- борышкер сотқа шағымданбайды (сотпен процессуалдық қарастыру мерзімі 2 ай);

- қарастыру мерзімі 15 күн;

- шетелге шығуға шектеу жоқ.