
Салықтарды 2025 жылғы 25 ақпанға дейін төлеуді ұмытпаңыз
Жетісу облысы Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: 2025 жылғы 25 ақпанда мына салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады:
- Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша алдын ала төлемдер;
- Төлем көзінен ұсталатын КТС және жеке табыс салығы (ЖТС);
- Жұмысшылардың табысы бойынша ЖТС;
- Арнайы салықтық режимді (АСР) және арнайы мобильді қолданбаны пайдаланатын ЖК (жеке кәсіпкер) табысы бойынша ЖТС;
- Біріктірілген төлем;
- Әлеуметтік салық;
- Әлеуметтік аударымдар;
- Міндетті зейнеттік аударым (МЗА);
- Міндетті кәсіби зейнеттік аударым (МКЗА);
- Тәуекел бойынша міндетті зейнеттік аударым (ТМЗА);
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар мен жарналар;
- Сыртқы (визуалды) рекламаны орналастыру үшін төлем;
- Цифрлық майнинг үшін алым;
- Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем;
- Жер учаскесін пайдалану үшін ағымдағы төлем;
- Құмар ойындар бизнесіне салық;
- Арнайы мобильді қолданба арқылы АСР бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер;
- Қоршаған ортаға теріс әсер үшін ағымдағы төлем;
- Шетелдік интернет-компаниялардан ҚҚС;
- АСР бойынша бөлшек сауда салығынан КТС/ЖТС.