
Салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау жөніндегі іс-әрекеттері
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 36 – бабының 1-3-тармақтарына сәйкес салық міндеттемесін орындауды салық төлеуші дербес жүзеге асырады.
Салық міндеттемесін орындау үшін салық төлеуші келесі әрекеттерді орындайды:
1) салық органында тіркеу есебіне тұрады;
2) салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, салық базасы мен салық ставкаларын, бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөлігіне сәйкес олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді негізге ала отырып есептейді;
4) салық тіркелімдерін қоспағанда, белгіленген тәртіппен салық органдарына осы Кодексте белгіленген салық нысандарын және өзге де нысандарды жасайды және табыс етеді;
5) Салық Кодексінің ерекше бөлігіне сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген және есептелген сомаларын, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.