
Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру
Салық төлеуші қызметті тоқтата тұру үшін орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде қызметті тоқтата тұру туралы салықтық өтінішті, салықтық өтініш ұсынылатын күнге дейін салық есептілігін ұсыну және қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы өтінішті, егер ҚҚС есебінде тіркеген болсаңыз, беруіңіз керек.
Салық міндеттемелері орындалған және салық берешегі болмаған жағдайда, салық тқлеушінін қызметі салықтық өтінішті тапсырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, өтініште көрсетілген мезгілге салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру жүргізіледі.
Қызметін тоқтата тұру туралы ақпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында, немесе «ESalyq Mobile» мобильды қосымшасында «Электрондық сервистер» - «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы мәліметтер» бөлімінде орналастырылады.