
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті
19.06.2024 жылы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында брифинг өткізді.
Іс-шара спикері, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары С.Шайкенов ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген 194 403 жеке тұлғаның 125 164-і немесе жалпы санының 64,4% - ы декларация тапсырғанын атап өтті.
С.Шайкенов сонымен қатар декларациялардың соңғы күндерін күтпестен салық міндеттемесін алдын-ала орындауға шақырды.