Жарияланған күні: 11.01.2024 17:17
Өзгертілген күні: 11.01.2024 17:19

Мобильді аудармаларды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталған.



Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады.



Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды.