
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаменті Превенция басқармасының аға офицері Бауыржан Бегімбек Жетісу облысы бойынша МКД-нің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты студенттер және оқытушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту болып табылады, сондай-ақ елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге көтеретін, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз екендігі түсіндірілді.
Кездесу Агенттіктің кешенді жоспары негізінде ұйымдастырылды. Кешенді жоспардың мақсаты қоғамда парасаттылық мәдениетті ілгерлету болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер көрсетілді.
Кездесу соңында спикер негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау болып табылатын Агенттіктің 1424 Колл-орталығы жұмысының басымдығын атап өтті.