Жарияланған күні: 21.01.2025 15:19
Өзгертілген күні: 21.01.2025 15:30

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан 1 ақпанына дейін жұмыс істемейді

 

Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктем Мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00-ден, 2025 жылғы

1 ақпанның сағат 08:00-ге дейін, қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.