
Құрметті салық төлеушілер! 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны міндетті ресімдеу енгізіледі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22.11 №1178 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ны міндетті ресімдеу енгізіледі.
Басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін, яғни 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді, бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара саудадағы экспорттық-импорттық операциялар бойынша ТІЖ міндетті ресімдеу мерзімін ауыстыру көзделмеген.
ТІЖ міндетті ресімдеу күшіне енген кезде ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ -дағы мәліметтердің нақты тасымалданатын жүкке сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес ТІЖ ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы, атауының сәйкес келмеуі, ТІЖ -да тауарлар санының (көлемінің) дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.