
Құрметті CarGoRuqsat сервисінің Пайдаланушылары!
Қазақстан-Қытай шекарасының төрт өткізу пунктінде өткізу қабілетін арттыру үшін 2023 жылғы біріншіден он бесінші сәуірге аралығында брондау үшін кезек саны ұлғайтылатынын хабарлаймыз.
Достық-авто - күніне 150 КҚ дейін
Бақты-күніне 70 КҚ дейін
Майқапшағай - күніне 70 КҚ дейін
Нұр Жолы - күніне 300 КҚ дейін
Осыған байланысты, Сізден өткізу пунктінен өту үшін барлық рұқсат құжаттарын алдын ала дайындауды сұраймыз.
Алдын ала ескертеміз, көлік құралы белгіленген брондау күні өткізу пунктіне келмеген жағдайда электрондық кезек жойылады.
CarGoRuqsat қызметі арқылы кезекке тапсырыс берген пайдаланушылар үшін броньды ертерек ауыстыруға болады.
Күнді ауыстыру үшін бейне нұсқаулықты қараңыз https://cgr.qoldau.kz/ru/information/video-user.