Жарияланған күні: 11.01.2024 17:50
Өзгертілген күні: 11.01.2024 17:51

Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді.

Жеке шоттарына 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан мобильді аударымдарды ай сайын, қатарынан үш ай ішінде алған тұлғалар (маңызды: 100-ден көп аударымдар емес, 100 және одан да көп әр түрлі тұлғалардан түскен аударымдар) бақылауға жатады.



Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі.



Маңызды: әр түрлі өмірлік жағдайларда туыстарына, достарына және әріптестеріне мобильді аударымдар жасауға шектеулер жоқ.