
«Кеден» ақпараттық жүйесіндегі алдын ала ақпарат модулінің жұмысын түсіндіру
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұр Жолы» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қатысушылармен (СЭҚ) және Code Craft әзірлеушілер командасының өкілдерімен “Кеден” ақпараттық жүйесінде алдынала ақпарат беру бойынша кездесу өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік бақылау департаментінің транзит басқармасы басшысының орынбасары Уатканов Нариман Нурланұлы қатысты. Аталған шараның басты мақсаты – «Кеден» ақпараттық жүйесіндегі алдын ала ақпарат модулінің жұмысын түсіндіру болды.
Кездесу барысында Code Craft мамандары алдынала ақпарат беру механизмін және оның артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ кедендік рәсімдерді жеделдету мен жеңілдету үшін оның маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында Уатканов Н.Н. сұрақ-жауап сессиясын өткізіп, қатысушылар өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарына толық жауап ала алды.