Жарияланған күні: 30.01.2025 09:23
Өзгертілген күні: 30.01.2025 09:38

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының аумағынан барлық көлік түрлерімен жаңа және салқындатылған картопты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0701) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды. Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспортталатын картопқа қолданылмайды.

Тыйым салу мақсаты – ішкі нарықты тұрақты картоппен қамтамасыз ету және бағаның өсуіне жол бермеу.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 26 бұйрығы – «Қазақстан Республикасының аумағынан картопты әкету мәселелері туралы» – 28 қаңтарнан бастап күшіне енеді.