Жарияланған күні: 13.01.2023 10:36
Өзгертілген күні: 13.01.2023 10:37

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті Мемлекеттік Кірістістер Департаменттің жеке құрамымен семинар өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті Мемлекеттік Кірістістер Департаменттің жеке құрамымен "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (жаңа редакцияда)" тақырыбында семинар өткізілді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығы.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұжымының алдына ұсынылды:

Әдеп жөніндегі уәкіл-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Андабеков Жеңіс Саятбекұлы, "Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ Алматы облысы бойынша тілшісі-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының мүшесі Серікқанов Қуаныш Қанатұлы.

Жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын маңызды моральдық-адамгершілік талаптар, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынастағы талаптар айқындалды

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады.

Олар мемлекеттік қызметте өзара қарым қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға бағытталған.

Оның нормаларын қатаң сақтау ғана емес, сонымен қатар оны мемлекеттік қызметкерлер арасында белсенді түрде жариялау, оның қалыпты бұзылуын болдырмау үшін барлық қажетті алдын-алу шараларын қабылдау қажет.