Жарияланған күні: 12.10.2023 15:53
Өзгертілген күні: 12.10.2023 15:55

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана мамандары қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған тақырыптық кітап көрмесін өткізді. Көрме Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы үшін ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған кітаптарға жазушының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар кірді. Сонымен қатар, көрмеде Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты фотосуреттер мен басқа да материалдар ұсынылды.