
Егер Сізге бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін берілмесе не істеу керек?
"Азаматтық бақылау - Түбіртекті талап ет" акциясы
Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқан фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (жеке табыс салығы шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.
Кәсіпкер туралы ақпаратты білу үшін (идентификациялау) салып алушы кассаның жанында орналасқан QR-кодты сканерлеуге болады.
БКМ фискалды түбіртегін берілмегені туралы немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы төленетін болады.