Жарияланған күні: 05.01.2023 17:03
Өзгертілген күні: 05.01.2023 17:04

Бірыңғай жиынтық төлем.

Келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер бірыңғай жиынтық төлем  төлеу негізінде жұмыс істей алмайды:

- консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер;

- бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;

- сақтандыру брокерінің және сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі;

- Құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;

- агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызмет көрсететін тұлғалар.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тізбеге цифрлық майнинг және (немесе) цифрлық активтердің айналымы жөніндегі қызмет қосылды.