Жарияланған күні: 27.12.2022 17:42
Өзгертілген күні: 27.12.2022 17:43

      Автокөлік  тасымалдаушылары мен жүргізушілерінің назарына!

 

      Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алакөл" өткізу пунктінде ағымдағы жылдың 23 қарашасынан бастап Qoldau.kz электрондық кезегінің автоматтандырылған жүйесі платформасы  және  СargoRuqsat мобильді қосымшасы штаттық режимде жұмыс істейтін хабарлайды.

       Бір айда ҚР– дан  ҚХР-ға 2 643 автокөлік құралдарының кіруі жүзеге асырылды.

    Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті автокөлік құралдарының тасымалдаушылары мен жүргізушілерінен электрондық кезек тәртібіне сәйкес белгіленген күні "Алакөл" өткізу пунктіне келуін сұрайды, өйткені бұл тәртіп қатаң регламенттелген және белгіленген уақыттан бұрын немесе қандай да бір басқа тәсілмен кезектен тыс өту мүмкіндігі жоқ.

    Жергілікті атқарушы органдар берген талоны бар тасымалдаушылар мен жүргізушілердің осы талондар бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін келуге, яғни 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асыруға құқығы бар екенін қосымша хабарлаймыз.