Жарияланған күні: 23.01.2023 17:58
Өзгертілген күні: 23.01.2023 17:59

 

"Алтынкөл-жол" кеден бекеті бастығының орынбасары Бекен Төлеужанұлы Нұрахметовті 60 жылдығымен құттықтаймыз.

 

Осы ерекше оқиға бойынша Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекеттік кірістер департаменті ұжымының атынан Департамент басшысы Талғат Қазбеков, Бекен Нұрахметовты мерейтойымен құттықтады.

Осы саланың қиын кезеңдерін бастан өткізіп, бүгінгі күнге дейін үздіксіз еңбек етіп,  облыс экономикасының өркендеуіне зор үлес қосып келе жатырсыз.

Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін тұлға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз.

Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі бәрімізге мәлім.

Бекен Төлеужанұлы 1963 жылы 10 қаңтарда Талдықорған облысы Сарқан ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. Мансап барысында ол бірнеше мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен, соның ішінде "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" төсбелгісімен, "Қазақ журналистикасы қайраткері" медалімен және қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.2022 жылы оған Жетісу облысы Шарқан ауданының "құрметті азаматы" атағы берілді.