Жарияланған күні: 11.01.2024 18:02
Өзгертілген күні: 11.01.2024 18:03

“Төлемдер және төлем жүйелері туралы” ҚР Заңының нормаларына сәйкес төлемнің әр түрлі тәсілдері көзделген – банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен (25-бап).



Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.



Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар: алғашында - ескерту, қайталап заң бұзғаны үшін – 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл (ӘҚБтК-нің 194-бабы).