Жарияланған күні: 25.06.2024 17:47
Өзгертілген күні: 25.06.2024 17:53

2024 жылдың 5 айында Жетісу облысында 1 361 кеден заңнамасын бұзушылық анықталды

 

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 413-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік тексеру оларға қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тауарлар туралы мәліметтерді тексеру және (немесе) алу мақсатында жүргізіледі.

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 393-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады.

Бүгінгі таңда Департаменттің осы бағыт бойынша көрсеткіштері республика бойынша алдыңғы қатарда.

Мәселен, 2024 жылдың 5 айында ТБЖ ұсынысы бойынша өткізілді 1 541 кедендік тексеру, 1 361 кеден заңнамасын бұзу анықталды. Кедендік тексерудің тиімділігі 88,3% құрайды. Әкімшілік айыппұлдар сомасы 2 121 мың теңгені құрады, кедендік тексеру нәтижелері бойынша 356 млн. 121 мың теңге сомасына кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелді (мәлімет бойынша, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш – 321,221 млн.теңгені құрады.). Бір анықталған кеден заңнамасын бұзғаны үшін қосымша есептеудің орташа сомасы 262 мың теңгеге тең (2023ж.-1,207 мың теңге.).